Талас: Ұлттық құндылықтар - ұрпақ тәрбиесінің негізі

Талас: Ұлттық құндылықтар - ұрпақ тәрбиесінің негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қызыләуіт ауылында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған тағылымды кездесу өтті. Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуде ауыл имамы Төсбаев Әбдіқали жиналған қауымға Ыбырай атамыздың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабы негізінде мазмұнды баяндама жасап, тағылымы мол уағыз айтты.

Кездесу барысында ислам дінінің асыл құндылықтары, имандылық, адамгершілік, ұлттық тәрбие мен ата-баба дәстүрінің маңызы кеңінен насихатталды. Имам өз уағызында дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталып, өскелең ұрпақты ізгілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге шақырды.

Осындай рухани-танымдық кездесулер халықтың діни сауаттылығын арттырып, ұлттық болмысымызды сақтауға және жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге зор ықпал етеді. Дінімізді дәріптеп, дәстүрімізді құрметтеу-рухани кемелдіктің көрінісі. Алла Тағала игі бастамаларға береке беріп, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлігімізді нығайта берсін!

Жаңабай сопы мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: