Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет мешіттегі «дін мен дәстүр» бұрышында жамағатқа «Дін мен дәстүр – 2» кітабын таныстырып, оның мазмұны мен маңыздылығына тоқталды. Аталмыш кездесуде Бақдәулет имам кітапта қамтылған асыл дініміз бен ұлттық салт-дәстүрлеріміздің сабақтастығын түсіндіріп, халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеудің маңызын жеткізді.
Сонымен қатар жамағатты діни білімдерін жетілдіріп, ата-бабадан мирас болып қалған өнегелі дәстүрлерімізді құрметтеуге шақырды. Дін мен дәстүр — ұлт руханиятының қос тірегі. Осындай тағылымды кездесулер жамағаттың діни сауаттылығын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды тереңірек түсінуге жол ашады. Алла Тағала игі істерімізге береке беріп, алған білімімізді пайдалы етсін!
Байтоқты баба мешіті баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

