"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешітке келуші жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарық көрген «Бабалар ізімен: қазақ даласында мұсылмандық мектеп» атты кітапты таныстырды.
Ахат имам аталмыш кітаптың мазмұнына тоқталып, қазақ даласындағы ислам дінінің тарихы мен ата-бабаларымыздың діни мұрасын насихаттаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар жамағатқа халқымыздың рухани құндылықтары мен мұсылмандық дәстүрлерінің сабақтастығы жөнінде тағылымды мәліметтер берді.
Бабалар мұрасы — ұрпаққа аманат. Осындай рухани-танымдық кездесулер жамағаттың діни сауаттылығын арттырып, өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейтуге және ұлттық әрі діни құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

