ТАРАЗ: Білімді шәкірт – мешіттің көркі

ТАРАЗ: Білімді шәкірт – мешіттің көркі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Әділ мешітінде Амиреева Ләззат ұстаздың ұйымдастыруымен шәкірттердің діни сауаттылығын арттыру, Ислам дінінің негіздерін тереңірек меңгерту мақсатында діни білімге арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында шәкірттерге Құран Кәрім, хадис ілімі және Ислам тарихына қатысты сұрақтар қойылып, олардың діни білімдері сараланды.

Түрлі тақырыптарды қамтыған сұрақтар арқылы шәкірттер өз білімдерін ортаға салып, алған ілімдерін пысықтауға мүмкіндік алды. Діни білім сайысы шәкірттердің ізденісін арттырып қана қоймай, олардың Құран мен сүннетке деген қызығушылығын оятып, білімге деген ынтасын нығайтуға ықпал етті.

Ислам дінінде білім алудың орны ерекше. Пайдалы білім адамды ізгілікке жетелеп, көркем мінезді қалыптастыруға және рухани тұрғыдан кемелденуге жол ашады. Сондықтан жас ұрпақтың діни сауатын арттырып, дұрыс бағытта білім алуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Алла Тағала барша шәкірттеріміздің білімін арттырып, алған ілімдерін пайдалы етіп, ізгі амалдар жасауға нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: