Дәстүр және отбасы бөлімінің Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы нәзік жандыларға таңыстырып, «Той – тәрбиемен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен салт-санасын дәріптеу, той мәдениетін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық өнегенің маңызын насихаттау.
Ғарифулла Қуанышбекұлы ұлттық дәстүрлерді сақтаудың, отбасындағы тәлім-тәрбиені күшейтудің және салт-дәстүрдің озық үлгілерін келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Қазақы тойдың тәрбиелік мәні, ұлттық әдеп пен ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, той өткізуде ысырапшылдыққа жол бермей, даңғазалықтан гөрі мазмұн мен мағынаға басымдық берудің маңыздылығы айтылды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен отбасы тәрбиесін нығайту жөнінде ой бөлісті. Той – тек қуаныштың көрінісі емес, ұлттық тәрбиенің мәйегі, салт-дәстүрдің сабақтастығы мен отбасы құндылықтарының ордасы.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

