БАЙЗАҚ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ МЕШІТ ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ МЕШІТ ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы облыс орталығынан келген Дәстүр және отбасы бөлімінің Жамбыл облысы бойынша  жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлын Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің қарияларынан таныстырды. Жауапты маман «Қазақ дәстүріндегі той өткізу мәдениеті» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесудің негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу, той өткізу мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және дәстүрдің тәрбиелік мәнін насихаттау.

Кездесу барысында қазақы тойдың өзіндік ерекшеліктері, үлкендердің ақ батасы мен өнегесі, отбасылық құндылықтар және ұлттық әдеп мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, той өткізуде шектен тыс бәсекелестікке бой алдырмай, қарапайымдылық пен берекеге мән берудің маңыздылығы айтылды.

Мешіт қариялары да өз ойларын ортаға салып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ізгі дәстүрлерін сақтау, кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жөнінде пікір алмасты. Келелі кездесудің түйіні – тойдың сәні даңғазалықта емес, берекеде, мәні мол дастарқанда емес, ізгі ниет пен ұлттық тәрбиеде. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – отбасы бірлігін нығайтып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырудың маңызды жолы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: