БАЙЗАҚ: «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: «ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында насихат айтты. Жиында құдайы ас берудің мән-мағынасы, марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, бәсекелестік пен даңғазалықтан аулақ болу және қарапайымдылықты сақтау мәселелері қозғалды.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы құдайы астың мақсаты – елге мақтану немесе жарысу емес, марқұмның рухына дұға бағыштап, сауапты амал жасау екенін атап өтті. Сондай-ақ, жамағатты діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай атқарып, ұлттық дәстүрдің озық үлгілерін сақтауға шақырды. Тағылымды кездесу барысында ас беру мәдениетін қалыптастырудың және ысыраптың алдын алудың маңыздылығы жеткізілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: