Аса рақымды ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.
Ислам – мейрім мен қамқорлық діні.Ол қоғам мүшелерінің арасындағы жанашырлық пен жәрдемдесуді негізге алады. Ал ата-анаға құрмет көрсету, оларға жақсылық жасау және қамқорлық таныту – исламдағы негізгі қағидалардың бірі. Шариғатымыз – ата-ананы сыйлауға қатысты нақты аяттар келген. Бұл – Жаратушының бұйрығы. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді:
«Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкмет етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолында қартайысы, (оларды жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «уф» деп те айтпа, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!» - деген («Исра» сүресі, 23 аят).
Ата-анаға құрмет көрсету – исламдағы ең ұлы құндылықтардың бірі, әрі оның рухани жүйесінің негізін құрайтын басты тіректердің қатарында. Ислам діні ата-ананы ұлықтап, оларға ерекше ілтипатпен қарауға, сыйлап-құрметтеуге, қадірлеуге шақырады. Ата-анаға жақсылық жасау Алла Тағаланың разылығына жетудің, әрі бұл дүниеде де, ақыретте де адамның табысқа жетудің негізгі себептерінің бірі.
Ислам діні ата-ананың құқықтарын кең аяда бекітіп берген. Бұл құқықтар тек материалдық қамтамасыз етумен шектелмей, олардың рухани, психологиялық және әлуметтік жағдайларын да қамтиды. Ата-анаға деген қарым-қатынас – тек көмек көрсетумен шектелмейтін, жан-жақты мейрім мен құрметті талап ететін кешенді міндет.
Мейрімділік пен дұға
«Исра» сүресінің 23-24 аяттарының соңында былай делінеді: «...оларға сыпайы сөйле. Мейріммен құшақ жайып олар үшін былай деп дұға жаса; «О Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр!».
Ата-ананы ренжітпеуіміз, олардың көңіліне келетіндей сөздер айтпауымыз керек. Әрдайым көңілдерін жадыратып, жылы сөздер айтып, жарқын мінез танытып, олардың қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып, көңілдерін тауып, жағдайларын жасағанда кілем боп жайылып, төсек боп төселе білу қажет.Аллаһ тағаланың ата-ана ақысынна қатысты қойған бір талабы – осы. «Иманы бардың белгісі – тілінен тамар шырасы» - деп Шортанбай ақынның айтқаныңдай, имандылығымыздың нышаны іспеттес әдептілігімізді ата-анамыздың алдында да ұмытпағанымыз абзал. Баласының сыпайы сөзі мен жылы қабағы – ата-анаға үлкен қуаныш. Ибраһим пайғамбар (а.с.) Құранда баяндалғандай, Аллаһқа сенбейтін әкесінің өзіне «Әкешім!» деп мейірлене сөз бастаған. Демек, Ислам тарихындағы бұл ұлық оқиғаның бір ғибраты – ата-ананың алдындағы әдептілікті, мұсылмандықтың белгісін білдіреді.
Шал ақын өзінің өлен жолдарында былай деп айтқан « ата-анаңды аяла сені өмірге алып келген перзент үшін өмірде бәрін көреген, ашуланып, ренжітіп жылатпағың асыраған өзіңді маңдай термен»
Жармахамбет Танекеев
Қордай ауданы, Қақпатас ауылы
«Қақпатас» мешіті молдасы


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

