Ислам дінінде отбасы – Алланың ең үлкен нығметтерінің бірі. Шариғатта отбасы құру, оны сақтау, құрметтеу – сауапты амал, әрі адамның діни, әлеуметтік парызы ретінде қарастырылады. Отбасы өмір мәні демекші – «Отан отбасынан басталады»,- деп Ата-бабаларымыз отбасын сақтап қалудың қаншалықты маңызды екендігін жеткізіп кеткен. Сондықтан әрбір ер-азамат, өзіне лайықты жар таңдап отбасын құруы қажет.
Үйлену яғни некелесу арқылы бір-біріне деген құрмет өзара силастық орнайтыны анық. Неке пайғамбарымыздың сүннеті. Аллақ тағала қасиетті Құранның «Рағыд» сүресі 38-аятында «Расында сенен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз»,- деп айтылған. Бұл аятта Пайғамбарлардың үйленіп ұрпақ өсіргендігін жеткізген. Бұл өмір заңдылықтары болғандықтан әр адам үйленуі керектігі ұрпақ жалғастырып оларды тәрбиелеу арқылы олар исламның құндылықтарын бойына сіңіріп иманды ұрпақ өсіруіміз қажет.
Үйленіп отбасын құрудан бас тартқандарға Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде «Некелесу менің сүннетім, кімде-кім сүннетімді орындамаса (бас тартса) менен емес»,- деп ескерткен. Сондықтан отбасын құрып оның құндылықтарын сақтау, халқымыздың рухани байлығының бірі. Отан – деген қасиетті ұғымның өзі отбасынан басталады. Мемлекетте жекелеген отбасының қосындысынан құралады.
Әрбір елдің келешегі отбасында тәрбиеленіп өскен ұрпаққа байланысты. Сондықтан отбасындағы құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Аллаға шүкір қазіргі таңда үйленіп, ақ-некелерін қиып, шаңырақ көтеріп жатқан жастарымыз көп. Ұрпағымыздың өсіп-өнуін, бақытты болуын Алла нәсіп етіп еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Мұрат Қосаев
"Жауғаш батыр" ауылдық мешітінің имамы


06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

