Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имамдарына «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар өткізді. Діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, жат ағымдардың алдын алу және халық арасында діни түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері талқыланды.
Бас имам Қанат Әділханұлы ауыл имамдарына жамағатпен тығыз байланыста болып, жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар берудің, қоғамдағы діни тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, діни-ағартушылық жұмыстарды жандандыру жөнінде ой бөлісті.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

