Дәстүр және отбасы бөлімінің Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлын Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы нәзік жандыларға таңыстырып, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында тағылымды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүріндегі құдайы астың мән-мағынасын түсіндіру, ас берудегі ысырапшылдыққа жол бермеу және игі істің шынайы мақсаты сауап жинау мен марқұмдарға дұға бағыштау екенін насихаттау.
Кездесу барысында ұлттық дәстүр мен діни құндылықтардың сабақтастығы, қарапайымдылық, үнемшілдік және ізгілік мәселелері сөз болды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Құдайы ас – бәсекелестік емес, ізгі ниет пен сауаптың жолы. Бастысы – дастарқанның молдығы емес, ниеттің тазалығы мен жасалған дұғаның шынайылығы.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

