БАЙЗАҚ: ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

БАЙЗАҚ: ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлының қатысуымен Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Әкелер мектебі – ұлт болашағының негізі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін түсіндіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Жиын барысында Ғарифулла Қуанышбекұлы әке тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, баланың бойына имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік пен үлкенге құрмет секілді ізгі қасиеттерді сіңірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ отбасы берекесін сақтау мен ұлттық салт-дәстүрді ұрпақ санасына қалыптастырудың мәні сөз болды.

Әке – отбасының тірегі, ұрпақтың өнегесі. Әкелер мектебі арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтып, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндет.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: