БАЙЗАҚ: «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Байзақ баба» мешітінде жастармен «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары, той өткізу мәдениеті және оның тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Бас имам жастарға ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін дәріптеп, қуанышты жиындарда әдеп пен өнегені сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, той-томалақта ысырапқа жол бермеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және отбасы құндылықтарын сақтау жөнінде насихат айтылды. Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – жастардың бойына ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сіңіріп, дәстүр мен дін сабақтастығын түсіндіру.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: