Қордай ауданында дін қызметкерлерінің кәсіби білімін тереңдету мақсатында кезекті «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Мазмұнды басқосуды Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Әбдіқадір Сейтқали жүргізді. Дәріс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі мен Шариғат және пәтуа бөлімі қабылдаған соңғы пәтуалар, қоғамда жиі қойылатын өзекті шариғи сұрақтар мен олардың шешу жолдары жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ наиб имам жергілікті дін қызметкерлеріне жамағат арасында туындайтын сауалдарға бірізді әрі нақты шариғат талаптарына сай жауап берудің, ел ішіндегі діни түсініктердің дұрыс қалыптасуына ұйытқы болудың маңызын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

