Байзақ ауданына қарасты «JUMADIL ATA» мешітінің қысқы маусымға дайындығын Байзақ ауданының іс басқарушысы Арман Ерболұлы мен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы тексерді. Зерделеу барысында мешіттің қысқы кезеңге әзірлігі, жылу жүйесінің жағдайы және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, мешіт аумағындағы бейнебақылау камераларының жұмысы зерделеніп, олардың дұрыс жұмыс істеуі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілді. Зерделеу нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, мешіттің қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар айтылды.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

