БАЙЗАҚ: «АҚЫЛ АТА» МЕШІТІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

БАЙЗАҚ: «АҚЫЛ АТА» МЕШІТІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты Жетібай ауылы «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадырбек Әбенұлының ұйымдастыруымен, ауыл жастарының қолдауымен қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы бөліктерін жаңарту, ғимараттың жағдайын жақсарту және жамағатқа қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жөндеу жұмыстарының сапалы әрі талапқа сай жүргізілуін назардан тыс қалдырмаған Байзақ ауданының іс басқарушысы Арман Ерболұлы мен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы зерделеп, мешіттің жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырып қысқа дайындықты күшейту тапсырылды. Алдағы уақытта мешіттің жаңарған келбеті жамағат игілігіне ұсынылып, құлшылық етуге қолайлы рухани орта қалыптасады деп күтілуде.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: