Қордай ауданында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курсының қорытындысы бойынша имам-молдаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Кешенді сынақтан сүрінбей өтіп, діни білімі мен кәсіби біліктілігін дәлелдеген 87 дін қызметкеріне арнайы сертификаттар табысталды. Бұл құжат — имамдардың Құран оқу әдебі мен тәжуидін, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ресми құжаттарды толық меңгергендігінің нақты айғағы.
Айтулы шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы, қари Бірлік Амангелді дін мамандарын кәсіби жетістіктерімен құттықтап, сертификаттарды салтанатты түрде ұсынды. Өңірдің бас имамы дін қызметкерлеріне жауапты қызметте жеміс тілеп, жамағатпен жұмыс істеуде және асыл дінімізді насихаттауда адалдық пен табандылықтың маңызын атап өтті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

