БАЙЗАҚ: «БУРЫЛ» МЕШІТІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

БАЙЗАҚ: «БУРЫЛ» МЕШІТІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылындағы мешіттің тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан діни-ағартушылық жұмыстарын Байзақ ауданының іс басқарушысы Арман Ерболұлы мен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы зерделеді.

Зерделеу барысында мешіттің жамағатпен жұмысы, тазалығы, бейне бақылау камерасының жұсыс істеуі мен мешіт құжаттары және діни іс-шаралардың ұйымдастырылуы назарға алынды. Сонымен қатар, мешіт қызметін одан әрі жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар ауыл имамы Қанат Тұмарбекұлына айтылды.

Мақсат – мешіт жұмысын жүйелі жүргізіп, жамағатқа сапалы діни қызмет көрсету және рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: