Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылы «Естай баба» мешітінде зерделеу жұмыстарын Байзақ ауданының іс басқарушысы Арман Ерболұлы мен «Дәстүр және отбасы» бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы жүргізді. Зерделеу барысында мешіттегі діни әдебиеттердің қоры мен кітаптарының реттелуі, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жұмысы тексерілді.
Сонымен қатар, мешіттің қысқы маусымға дайындығы, жылу жүйесі және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мәселелері назарға алынды. Зерделеу нәтижесінде мешіт қызметін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстар беріліп, анықталған мәселелер бойынша жауапты имам Мұхтар Мэльсұлына нақты тапсырмалар жүктелді.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

