Байзақ: 14 САРБАЗДЫҢ РУХЫНА ХАТЫМ ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Байзақ: 14 САРБАЗДЫҢ РУХЫНА ХАТЫМ ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызының бастамасымен нәзік жандылар Құранды бастан аяқ оқып, Каспий теңізінде қаза болған 14 сарбаздың рухына Хатым Құран бағыштады. Игі шара барысында нәзік жандылар Құран оқып, марқұмдардың рухына дұға жасады. Алла Тағаладан өмірден өткен азаматтардың күнәларын кешіріп, рақымына бөлеп, оларға жәннаттан орын беруін тіледі.

Сонымен қатар марқұмдардың туған-туыстарына сабыр мен төзім тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды. Алла Тағала марқұм сарбаздарды рақымына бөлеп, жатқан жерлерін жайлы етсін! Жақындарына сабыр беріп, елімізге амандық пен тыныштық нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: