БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІН МАРАПАТТАДЫ

БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АУДАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІН МАРАПАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызын арнайы марапаттады.

Марапаттау барысында Жанат Әмірханқызының әйелдер арасында діни-ағартушылық жұмыстарды жүргізіп, имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға қосып жүрген үлесі атап өтілді. Сондай-ақ, әйел жамағатының рухани білімін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы еңбегіне алғыс білдірілді.

Ізгі шара соңында облыс бас имамы Жанат Әмірханқызына қызметіне табыс, еңбегіне береке тілеп, игі істерінің жалғасын табуына тілектестік білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: