БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА МЕШІТТЕ СЕМИНАР ӨТТІ

БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА МЕШІТТЕ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде нәзік жандыларға арналған «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» тақырыбында семинар өтті. Семинарға спикер ретінде «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Аружан Айтбаева қатысып, отбасы құндылықтары мен шаңырақтың беріктігі жөнінде насихат айтты.

Кездесу барысында ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, өзара түсіністік, сабыр мен кешірімділіктің маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ отбасындағы келіспеушіліктерді даналықпен шешу, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және ажырасудың алдын алу мәселелері қозғалды. Тағылымды семинардың мақсаты – әйелдер арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбие мен рухани өнегені насихаттау және берекелі шаңырақтың қалыптасуына үлес қосу.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: