БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

БАЙЗАҚ: ОБЛЫС БАС ИМАМЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Байзақ ауданы, Байзақ ауылы, «Тілеш қажы» мешітінде өткен «Адамзаттың асыл тәжі» атты облыстық діни білім сайысына қатысқан нәзік жандылармен кездесіп, тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында имандылықтың маңызы, мұсылман әйелінің қоғамдағы орны, отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ діни білімді жетілдірудің, көркем мінезді қалыптастырудың және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Облыс бас имамы нәзік жандыларды ізгілікке ұмтылып, алған білімдерін өмірде қолдануға шақырды. Кездесу соңында қатысушыларға рухани тәрбиенің мәні мен маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: