Көкқайнар ауылдық мәдениет үйінде ауыл мешітінің имамы Темірлан Оразбаевтың қатысуымен жамағатпен рухани кездесу өтті.
«Рухани азық – тәрбие негізі» тақырыбында өрбіген жүздесуде отбасы тәрбиесі, ата-ананың бала өміріндегі орны мен жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Имам өз насихатында әкенің отбасындағы тірегі мен өнеге көрсетудегі рөліне, ананың мейірімі мен бала тәрбиесіндегі ерекше орнына тоқталды.
Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың жеке үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын бойға сіңірудің маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар рухани тәрбие жөнінде тағылымды ойлармен бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


19 Қазан 2026
7 Джумада-авваль 1448

