Тараз қаласындағы Шейх Зуннун мешітінде қысқы маусымға дайындық аясында бірқатар жөндеу және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Атап айтқанда, мешіт ішіндегі есіктер жөнделіп, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, қыз-келіншектер дәріс алатын бөлмеге су ішуге арналған құрылғы орнатылды.
Аталған жұмыстар мешітке келушілер мен діни білім алушыларға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мешіттің қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.


19 Қазан 2026
7 Джумада-авваль 1448

