Шу ауданына қарасты барлық мешіттерде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында уағыздар айтылып, жамағатқа ас беру мәдениетінің мәні мен маңызы түсіндірілді.
Уағыз барысында құдайы астың негізгі мақсаты – дүниеден өткен марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау, Алладан рақым тілеп, артында қалған жақындарына сабыр тілеу екені айтылды. Сонымен қатар ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, даңғазалықтан аулақ болу, қарапайымдылық пен берекені басты орынға қою қажеттігі насихатталды.
Сондай-ақ мешіттерде ас мәзірі ілініп, дастарханға қойылатын тағамдардың мәні мен маңызы түсіндірілді. Жамағатқа ас беру кезінде шама-шарқына қарай әрекет ету, елге бәсеке емес, сауапты мақсатты көздеу керектігі жеткізілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Қазан 2026
7 Джумада-авваль 1448

