Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде наиб имам Нұрмұхамед Сәбитұлы жамағатқа «Жауапкердің міндеттері» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында жауапкершіліктің адам өміріндегі маңызы, әрбір мұсылманның өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі сапалы орындауы жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ Ислам дінінде аманатқа беріктік, уәдеге адалдық, әділдік пен сенімді сақтау секілді асыл қасиеттердің орны ерекше екені атап өтілді. Наиб имам өз сөзінде адамның отбасындағы, қоғамдағы және діни ортадағы жауапкершілігіне тоқталып, әрбір істі ыждағаттылықпен атқарудың маңызын жеткізді.
Адамның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы — оның имандылығы мен адамгершілігінің көрінісі екені айтылды. Сонымен қатар жамағатты аманатқа қиянат жасамауға, өзара сенімді нығайтуға, өзгелердің алдындағы міндеттерін орындауға және әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Уағыздың мақсаты — жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, жауапкершілік ұғымының мәнін тереңірек түсіндіру және мұсылмандық көркем мінез-құлықты насихаттау.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

