Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев «Jambyl» телеарнасының «Рауан» ақпараттық-сазды бағдарламасында қонақта болды.
Тікелей эфир барысында дін қызметкері қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — «Ас беру мәдениеті» мен «Бала тәрбиесі» тақырыптары төңірегінде ой өрбітті. Сұхбат кезінде ысырапшылдыққа жол бермеудің шариғаттағы орны, ас берудің әдебі мен ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі терең түсіндіріліп, көрерменге тұшымды ой салды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

