Қордай ауданының бас имамы Азамат Абдразахов «Тараз бағыты» бойынша іс сапарға шығып, аталған бағыттағы мешіттердің жұмысымен танысты. Сапар барысында аудан бас имамы «Білім», «Әл-Хафиз» және «Бетқайнар» мешіттерін аралап, олардың тыныс-тіршілігі мен жалпы жағдайын зерделеді. Зерделеу жұмыстары аясында мешіттердің тазалығы мен тәртібіне, құлшылық жасауға қолайлы жағдайдың қалыптасуына және діни қызметтің жүйелі жүргізілуіне назар аударылды.
Сонымен қатар мешіт қызметінің сапасын арттыру, жамағатпен байланысты нығайту және діни жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді. Мұндай іс сапарлардың негізгі мақсаты — мешіттердің жұмысын үйлестіру, діни қызметтің сапасын бақылау және имандылық жолындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асуына ықпал ету.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

