Қордай: Аудан бас имамы «Кенен» мешітінің жұмысын зерделеді

Қордай: Аудан бас имамы «Кенен» мешітінің жұмысын зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Абдразахов Кенен ауылындағы «Кенен» мешітіне арнайы іс сапармен барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында аудан бас имамы мешіттің жалпы жағдайын зерделеп, тазалығы мен тәртібіне, құлшылық жасауға қолайлы жағдайдың қалыптасуына назар аударды.

Сонымен қатар мешіт қызметінің жүйелі жүргізілуі мен діни жұмыстардың ұйымдастырылу барысына көңіл бөлді. Мұндай зерделеу жұмыстарының мақсаты — аудан мешіттеріндегі діни қызметтің сапасын арттыру, мешіттердің жағдайын бақылау және имандылық бағытындағы жұмыстардың тиісті деңгейде жүзеге асуына ықпал ету.

Алла Тағала ауданымыздағы барша мешіттердің қызметіне береке беріп, имандылық жолындағы игі істерді қабыл етсін! Елімізге тыныштық, халқымызға амандық, жамағатымызға ынтымақ пен бірлік нәсіп етіп, баршамызды екі дүниенің жақсылығына кенелтсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: