Қордай: Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде жаңарту жұмыстары жүргізілді

Қордай: Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде жаңарту жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде мешіт молдасы Саламат Салимұлының ұйымдастыруымен жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, мешіттің электр жүйелері жаңартылып, құлшылық ордасының жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар жамағатқа қолайлы жағдай жасауға және мешіттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мешітті күтіп ұстау, оның жағдайын жақсарту — сауапты істердің бірі.

Осындай игі бастамаларға атсалысу арқылы азаматтар діни ордалардың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Алла Тағала мешіт молдасы Саламат Салимұлына және осы игі іске үлес қосқан барша азаматтарға мол сауаптан жазып, еңбектеріне береке берсін! Құлшылық ордамыз әрдайым жамағатқа толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: