Қордай: Аудан мешіттерінде кезекті ауыспалы жұма намаздары өтті

Қордай: Аудан мешіттерінде кезекті ауыспалы жұма намаздары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты мешіттерде кезекті ауыспалы жұма намаздары ұйымдастырылды. Аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан бұл бастама аясында мешіт имамдары өзара ауысып, жұма намаздарын өткізіп келеді.

Сонымен қатар имамы жоқ мешіттерге де арнайы барып, жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, «Бетқайнар» мешітінің молдасы Нұрлан Жиенбаев «Сахаба» мешітінде жұма намазын өткізді. Сондай-ақ аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков Бетқайнар ауылындағы «Бетқайнар» мешітінде жұма намазын өткізіп, жамағатпен бірге құлшылық жасады.

Жұма намазы барысында жамағатқа рухани тәрбие берудің, имандылықты нығайтудың және мұсылмандық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы көрініс тапты. Мұндай игі бастамалар аудан мешіттері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, діни қызметтің жүйелі жүргізілуіне ықпал етеді.

Ауыспалы жұма намаздарының негізгі мақсаты — аудан мешіттеріндегі діни қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жамағаттың діни сауаттылығын арттыру және мешіттер арасындағы өзара байланысты нығайту.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: