Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде қысқы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қордай: Аудандық «Қордай» мешітінде қысқы дайындық жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қыс мезгіліне дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен мешіт аумағын абаттандыру, ғимараттың сыртқы келбетін ретке келтіру және есіктерін күтіп-баптау жұмыстары қолға алынды.

Жұмыс барысында мешіттің есіктері өңдеуден өткізіліп, олардың күтімі мен сыртқы көрінісіне назар аударылды. Сонымен қатар мешіттің айналасын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар ғимараттың тазалығы мен көркін сақтауға, сондай-ақ қысқы маусымға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Мешіттің күтімі мен тазалығын сақтау — жамағатқа қолайлы жағдай жасаудың маңызды бөлігі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мешіттің жағдайын жақсартуға үлес қоса бермек.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: