Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде қоқыс төгетін орын жаңартылып, қайта қоршалды.
Аталған жұмыс мешіт ауласын күтіп ұстау және тұрмыстық қалдықтарды жинау орнын ретке келтіру мақсатында атқарылды. Жаңартылған орын қоқыстың шашылмауына және айналаның таза сақталуына мүмкіндік береді.
Мешіттің көркі тек сәулетімен емес, оның тазалығы мен ұқыпты күтімінен де көрінеді. Осындай жұмыстар құлшылық ордасының жайлылығын арттырып, тазалыққа деген жауапкершілікті нығайта түседі.
Алла Тағала игі істерге береке беріп, мешіт көркеюіне үлес қосқан азаматтарға мол сауаптан жазсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

