Меркі: «Меркі ата» мешітінде асық ату ойынынан жарыс өтті

Меркі: «Меркі ата» мешітінде асық ату ойынынан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жамағаты арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында асық ату ойынынан жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды жаңғырту, жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, ептілік пен мергендіктерін көрсетті. Осындай тағылымды шаралар ұлттық мұраларымызды ұлықтап қана қоймай, жамағат арасындағы ынтымақты арттыруға да ықпал етеді.

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, игі бастамалар жалғасын таба берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: