#Шу: Шу ауданында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды

#Шу: Шу ауданында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Жәми» мешітінде «10 жылда – 10 сауапты жоба» аясында әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

Игілікке бағытталған шаралар барысында мұқтаж отбасылардың үйлеріндегі терезелер жаңартылып, қысқы маусымға дайындық ретінде көмір жеткізілді. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына киім-кешек пен аяқ киім табысталды.

Сондай-ақ қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, одан түскен қаражат ем қабылдап жатқан жандарға көмек ретінде берілді.

Қайырымдылық шараларының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу болпы.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: