Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің игі жолы. Дінімізде де мұқтажға жәрдемдесіп, жақсылық жасауға ерекше мән беріледі.
Осы игі мақсат аясында «Күнту баба» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында зекет ретінде жиналған 50 қап пияз көмекке мұқтаж жандарға табысталды.
Аталған қайырымдылық шарасы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамда өзара көмек пен мейірімділік құндылықтарын нығайтуға үлес қосты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

