#Шу: «Хати Сауранбайұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

#Шу: «Хати Сауранбайұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты дәріптейтін ізгі амалдардың бірі.

Осы мақсатта «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тилемисовтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Игі іс аясында көпбалалы және мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар жанұяларға көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, 10 отбасыға бір қаптан пияз бен ұн және басқа да қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, жалпы қаражат 300 мың теңгені құрады. Бұл қайырымдылық көмек отбасылардың тұрмысына қолдау көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлауды мақсат етті.

Алла Тағала жасалған қайырлы амалды қабыл етіп, қайырымдылыққа үлес қосқан жандарға мол сауаптан жазсын!

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: