#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында кездесу өтті

#Шу: «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Далақайнар ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысып, «Құдайы ас – жарыс емес, сауап. Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында құдайы астың негізгі мақсаты мен мәні түсіндіріліп, марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасау, көпшілікке ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар ас беру мәдениетін қалыптастыру, діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай орындау және халық арасында ізгі дәстүрлерді сақтау қажеттігі айтылды.

Бас имам ел арасында ас беру мен той өткізуде бәсекелестікке емес, береке мен бірлікке мән беру керектігін атап өтті. Тойдың тек қуанышқа ортақтасатын жиын ғана емес, ұрпаққа өнеге көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тәрбие мен тағылымның ордасы екеніне тоқталды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарына өзара сыйластықты нығайту, салт-дәстүрдің озық үлгілерін сақтау және діни рәсімдерді қарапайымдылықпен өткізу жөнінде насихат айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)