Талас: Тараз қаласының имамы «Әбілхан қажы» мешітінде жұма уағызын өткізді

Талас: Тараз қаласының имамы «Әбілхан қажы» мешітінде жұма уағызын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласындағы «Аррахманир-Рахим» мешітінің бас имамы Амангелді Ембергенов Қасқабұлақ ауылындағы «Әбілхан қажы» мешітіне арнайы барып, ауыл жамағатымен жүздесті. Жұма намазы алдында жамағатқа уағыз-насихат айтқан бас имам рухани құндылықтар мен имандылықтың маңызына тоқталып, мұсылмандық әдеп пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеді.

Сонымен қатар ізгілікке ұмтылу, жақсылық жасау және қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау жөнінде насихат айтты. Уағыздан кейін Амангелді Ембергенов жұма намазын жүргізіп, жамағатпен бірге құлшылық жасады. Жұма басқосуы ауыл тұрғындары үшін рухани тағылым алып, діни білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: