Талас: Әбдіқадір Сейітқали ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті

Талас: Әбдіқадір Сейітқали ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла әт-Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Әбдіқадыр Сейітқали Тамды ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен, мектеп оқушылары және ұстаздар қауымымен кездесіп, тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Рухани кездесудің негізгі арқауы – жақсылық пен жамандықтың парқы, білімнің қадірі және адамгершілік құндылықтар болды. Әбдіқадыр Сейітқали ізгі амалдардың адам өміріндегі орнына тоқталып, әрбір жанды айналасына жақсылық жасауға, мейірімділік пен адалдықты ту етіп ұстауға шақырды. Сонымен қоса, білім алудың артықшылығы мен ілім үйренудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуында ұстаздардың еңбегі мен тәрбиенің рөлі ерекше екені айтылды. Оқушыларға уақытты бағалау, кітап оқуға құштар болу, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету жөнінде тағылымды ойлар жеткізілді.

Кездесуде рухани тәрбие мен білімнің өзара сабақтастығына баса мән берілді. Өйткені білімді болу ғана емес, сол білімді игілік жолында пайдаланып, қоғамға пайда келтіру де маңызды. Тағылымды басқосу қатысушыларға ой салып, жақсылық жасауға, ізгілікке ұмтылуға және білім жолында талмай ізденуге үндеді.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: