Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Әбдіқадыр Сейітқали Тамды ауылына арнайы барып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Жұма күні жамағат алдында уағыз айтқан наиб имам мұсылмандық құндылықтар мен имандылық тәрбиесінің маңызына тоқталып, жұма намазын жүргізді.
Жамағатпен жүздесу барысында діни насихат айтылып, ізгілік пен бірліктің мәні дәріптелді. Сондай-ақ Әбдіқадыр Сейітқали ауыл мешітін аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Құлшылық үйінің жалпы жағдайына назар аударып, тазалығы мен күтімін зерделеді. Мешіт жұмысының жүйелі жүргізілуі, жамағатқа қолайлы жағдай жасалуы және рухани насихаттың үздіксіз жалғасуы – діни қызметтің маңызды бағыттарының бірі.
Осындай кездесулер ауыл жамағатымен байланысты нығайтып, мешіттер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

