Жамбыл облыстық «Һибатулла әт-Тарази» орталық мешітінің азаншысы Дәулет Амангелді Тамабек ауылындағы «Дінмұхаммед Қонаев» мешітіне арнайы барып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Аралау барысында мешіттің жалпы ахуалына баса назар аударылып, ішкі бөлмелерінің тазалығы мен ұқыпты күтімі қаралды. Сонымен қатар жамағат жиі пайдаланатын дәретхананың санитарлық жағдайы тексеріліп, мешіт аумағының тазалығы мен жинақылығы зерделенді.
Құлшылық орнының таза әрі көрікті болуы – жамағатқа деген құрметтің белгісі. Әсіресе, мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, тазалық талаптарын сақтау және ғимараттың күтіміне жауапкершілікпен қарау маңызды міндеттердің бірі саналады. Осы орайда мешіттің күнделікті тазалығын назарда ұстау, ортақ пайдаланылатын орындардың санитарлық жағдайын қадағалау және құлшылық етушілерге жайлы орта қалыптастырудың маңызы зор.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

