Талас ауданы Майтөбе ауылында "Адал еңбек" тақырыбында жұма уағызы айтылды

Талас ауданы Майтөбе ауылында "Адал еңбек" тақырыбында жұма уағызы айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласындағы «Айсұлу ана» мешітінің имамы Сәкен Сейдкаримов Майтөбе ауылындағы мешітке арнайы барып, жұма намазын жүргізді. Жұма намазы алдында жамағатқа «Адал еңбек – берекенің бастауы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында адал кәсіптің қадірі, маңдай термен табыс табудың маңызы және еңбексүйгіштіктің адам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Сәкен имам адал еңбек етудің тек материалдық игілікке қол жеткізу емес, сонымен қатар адам бойындағы жауапкершілік пен шынайылықты қалыптастыратын маңызды құндылық екенін жеткізді.

Сондай-ақ әрбір мұсылманды өз ісіне адал болуға, өзгеге пайдасын тигізуге және адал жолмен нәпақа табуға үндеді. Тағылымды уағыздан кейін Сәкен Сейдкаримов жұма намазын жүргізіп, ауыл жамағатымен бірге құлшылық жасады.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)