Байзақ ауданының бас имамы, РАНТ мүшесі, ғалым Қанат Жұмағұл ұстаз Қызыләуіт ауылындағы «Жаңабай сопы» мешітіне арнайы барып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Аралау барысында мешіттің жалпы жағдайы зерделеніп, тазалығы мен күтіміне назар аударылды.
Құлшылық үйінің жай-күйін бағамдаған Қанат Жұмағұл ұстаз мешіттің дұрыс күтіп-ұсталуы мен жамағатқа қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сапар аясында ауданның бас имамы ауыл ақсақалдарымен де жүздесіп, мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық тәрбие мен үлкендердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Ауыл ақсақалдарымен болған жүздесу ұрпақ сабақтастығы мен ел ішіндегі сыйластықтың маңызын айшықтай түсті. Ақсақалдардың ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі қоғамның рухани тұтастығын нығайтуда ерекше орын алатыны сөзсіз.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

