Талас: Жамбыл облысының бас имамы Қаратау қаласындағы мешіттердің жағдайымен танысты

Талас: Жамбыл облысының бас имамы Қаратау қаласындағы мешіттердің жағдайымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржан Қаратау қаласындағы бірқатар мешітті аралап, олардың тыныс-тіршілігімен және материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Атап айтқанда, облыстың бас имамы «Әбдірашит ата», «Әбдібай ата» және «Маржангүл ана» мешіттерін аралап, құлшылық үйлерінің жай-күйін зерделеді.

Сапар барысында мешіттердің асханалары, дәретханалары, аулалары мен пешханаларының жағдайы назарға алынды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктер мен ретке келтіруді қажет ететін мәселелер сараланды. Облыстың бас имамы Асқар Зәкіржан мешіттердің тазалығы мен күтіміне ерекше мән беріп, анықталған кемшіліктерді түзету және қажетті жұмыстарды қолға алу жөнінде ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлына нақты тапсырмалар жүктеді.

Асқар Зәкіржан мешіттердің тазалығы мен көркем келбетін сақтау – жамағатқа қолайлы жағдай жасаудың және құлшылық орындарына деген құрметтің маңызды көрінісі деп сөзін түйіндеді. Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: