Талас: Байзақ ауданының бас имамы Ақтөбе иман мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

Талас: Байзақ ауданының бас имамы Ақтөбе иман мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл ұстаз Талас ауданына қарасты Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе Иман» мешітіне арнайы ат басын бұрып, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында Қанат Жұмағұл ұстаз мешіттің жалпы жағдайын зерделеп, оның ішкі және сыртқы ахуалына назар аударды. Сондай-ақ мешіттің тазалығы мен күтіміне қатысты мәселелерді бағамдады.

Қанат Жұмағұл ұстаз мұндай сапарлар мешіттердің жағдайын бақылауға, діни қызметтің ұйымдастырылу барысымен танысуға және құлшылық орындарының күтіміне көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)