Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржан мен Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы Талас ауданының әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлының қабылдауында болды.
Кездесу барысында ауданның рухани тыныс-тіршілігі, діни ахуалы және имандылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу, жастар тәрбиесі, ауызбіршілік пен татулықты нығайту мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Басқосу барысында тараптар дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, халықтың рухани әлеуетін арттыру және ізгілік құндылықтарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастық аясында өтті.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

