#Талас ауданының имамдарына біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды

#Талас ауданының имамдарына біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржан Талас ауданының имамдарына арнайы емтихан қорытындысы бойынша біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар табыстады. Сертификаттар имамдардың діни білімін жетілдіру және кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарының нәтижесі ретінде берілді.

Айта кетейік, бұған дейін Талас ауданының имамдары Құран Кәрімнің тәжуид ережелері, ақида және фиқһ ілімдері бойынша арнайы емтихан тапсырған болатын. Емтиханды Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржан, облыстық Құран секторының жетекшісі Бірлік Амангелді және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Сейітхан Әбдіқадір мен Нұрлан Мұрат қабылдады.

Аталған шара имамдардың діни сауаттылығын арттыруға, білім деңгейін бағалауға және діни қызметтің сапасын жетілдіруге бағытталған.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: