Жамбыл облысы Талас ауданының имамдары діни білім деңгейін бағалау мақсатында арнайы емтихан тапсырды. Емтиханды Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржан, облыстық Құран секторының жетекшісі Бірлік Амангелді және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары Сейітхан Әбдіқадір мен Нұрлан Мұрат қабылдады.
Емтихан барысында имамдарға Құран Кәрімнің тәжуид ережелері, ақида және фиқһ ілімдері бойынша сұрақтар қойылды. Қатысушылардың діни білімдері мен аталған салалар бойынша біліктілігі сараланып, әрқайсысына тиісті бағасы берілді. Аталмыш емтиханның негізгі мақсаты – имамдардың діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін арттыру және халыққа сапалы діни қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

